Әлеуметтік желі арқылы кіру
Тілеуіңіз болсын, күтіңіз... Email жазып көрсетіңіз Атыңызды немесе лақап атыңызды жазып көрсетіңіз Құпия сөз жазып көрсетіңіз Сайтта тіркелу үшін Сіз бірлестіктің ережелерін қабылдауыңыз қажет Профильді өзгерту үшін сайтқа кіру қажет Дұрыс email жазып көрсетіңіз Мәлімет таңдаулыға қосылды Таңдаулыға қосу Таңдаулыдан алып тастау Құпия сөздер сәйкес келмейді Сайтқа кіретін құпия сөз жазып көрсетіңіз Жақсы құпия сөзде кіші, бас латиндық әріптер және сандық белгілер болуы керек. Құпия сөзге тыныс белгілерін қосуға және ұзындығын кем дегенде 8 әріп жасауға ұсыныс береміз. Даусыңызға рахмет! Қосу +1 Алып тастау +1 Жауап нұсқасын таңдаңыз
Орын
По-русски Табло
Сайтқа кіру
Әлеуметтік желі арқылы кіру:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Алматыда қазақ күресінен республикалық ашық турнир өтеді

14 қазан күні «Алматы арена» спорт кешенінде қазақ күресінен студент-жастар арасында «Арландар сайысы» республикалық ашық турнир өтеді.

14 қазан күні "Алматы арена" мұз сарайында қазақ күресінен студент-жастар арасында "Арландар сайысы" республикалық ашық турнир өтеді. Бұл туралы жарысты ұйымдастыру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 96 балуан қатысады. Ашық турнир ережесіне сәйкес боз кілемдегі белдесулерге 18 бен 29 жас аралығындағы ЖОО студенттері және спорт клубтарының балуандары қатысады.

Бауландар олимпиада жүйесі бойынша үш салмақ категориясында (-60 кг., -74 кг., +90 кг.) күреседі. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар, медальдар және грамоталармен марапатталады. Сонымен қатар, - 60 кг салмағындағы балуандарды қолдау мақсатында жеңімпазға жеңіл автокөлік сыйға тартылмақ.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырысымен 2017 жыл "Жастар жылы" деп жарияланған болатын. "Арландар сайысы" ұлттық спортты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді дамыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты балуандардың шеберліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатында көрермендер назарына қазақ күресінің пайда болу және даму жолын сипаттайтын театрландырылған қойылым ұсынылады. Сонымен қатар,  ұлттық намыс пен жігерді оятатын рухты әндерімен көпшілікке кеңінен танымал "Серілер", "Алашұлы" топтары және Қажымұрат Шешенқұл сынды әншілер өнер көрсетеді. Жарыс Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Новости
25 желтоқсан 2017
12:43