auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматыда қазақ күресінен республикалық ашық турнир өтеді

Алматыда қазақ күресінен республикалық ашық турнир өтеді
14 қазан күні "Алматы арена" мұз сарайында қазақ күресінен студент-жастар арасында "Арландар сайысы" республикалық ашық турнир өтеді. Бұл туралы жарысты ұйымдастыру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алғаш рет ұйымдастырылып отырған жарысқа Астана, Алматы қалалары мен 14 облыстан 96 балуан қатысады. Ашық турнир ережесіне сәйкес боз кілемдегі белдесулерге 18 бен 29 жас аралығындағы ЖОО студенттері және спорт клубтарының балуандары қатысады.

Бауландар олимпиада жүйесі бойынша үш салмақ категориясында (-60 кг., -74 кг., +90 кг.) күреседі. Әр салмақ категориясының жеңімпаздары мен жүлдегерлері ақшалай сыйлықтар, медальдар және грамоталармен марапатталады. Сонымен қатар, - 60 кг салмағындағы балуандарды қолдау мақсатында жеңімпазға жеңіл автокөлік сыйға тартылмақ.

Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырысымен 2017 жыл "Жастар жылы" деп жарияланған болатын. "Арландар сайысы" ұлттық спортты жастар арасында насихаттау арқылы патриоттық сезімді дамыту, халықаралық аренада қазақ күресінің беделін жоғарылату, орта және жеңіл салмақты балуандардың шеберліктерін дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Республикалық турнирдің ашылу салтанатында көрермендер назарына қазақ күресінің пайда болу және даму жолын сипаттайтын театрландырылған қойылым ұсынылады. Сонымен қатар,  ұлттық намыс пен жігерді оятатын рухты әндерімен көпшілікке кеңінен танымал "Серілер", "Алашұлы" топтары және Қажымұрат Шешенқұл сынды әншілер өнер көрсетеді. Жарыс Астана уақытымен сағат 10:00-де басталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
16 маусым 2019, 12:10
Қазақша күрес
Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды
25 желтоқсан 2017, 12:43
Қазақша күрес
Боз кілемдегі алапат айқас Боз кілемдегі алапат айқас
14 желтоқсан 2017, 16:07
Қазақша күрес
"Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды? "Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?
12 желтоқсан 2017, 14:25
Қазақша күрес
Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді

Жарнама

Жарнама