auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді

Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді.

Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді
16 желтоқсан күні «Алматы Аренада» қазақ күресінен «Еуразия Барысы» әлем Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұған дейін халықаралық турнир ретінде өткен жарыс осымен бесінші рет жалауын желбіретпек.

Үш жыл Тараз қаласында ұйымдастырылған  «Еуразия Барысы» биыл екінші рет оңтүстік астанада өткізілгелі отыр. Жыл сайын дәстүрлі жарысқа Грузия, Моңғолия, Ресей, Польша, Түркия, Қырғызстан тағы басқа көптеген елдің білекті балуандары бақ сынап келеді. Соның ішінде Қазақстан құрамасы аталмыш командалық жарыста үш рет топ жарды, тек 2014 жылы ғана Моңғолия құрамасы қарсылас шақ келтірмеді.

Биыл «Еуразия Барысына» Бразилия, Жапония және Камерун елдері тұңғыш рет қатысады. Сонымен қатар, жарысқа Өзбекстан, Түркия және Қазақстанның қос командасы бақ сынайды.

Қатысушылар арасында нәтижелі спортшылар аз емес. Самбодан әлем чемпионы Паата Гвиниашвили (Грузия), Д.Алтангерел Моңғолияның ұлттық күресі бойынша «Арыстан» атағының иегері, биыл Астанада өткен қазақ күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Р.Сонмес (Түркия), қазақ күресінен көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері және кураштан әлем чемпионы Мухсин Хисомиддинов (Өзбекстан), дзюдодан Жапония чемпионы К.Танию және тағы басқалары бар. Қ

азақстан командасы биыл екі құраммен боз кілемге шығады. Балуандар Алматыда екі апталық оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын қорытындысы бойынша бапкерлік кеңес «Еуразия Барысына» қатысатын спортшыларды анықтайды.   «Еуразия Барысында» әр командада сегіз балуаннан күреседі.

Спортшылар 55 кг, 60 кг, 66 кг, 74 кг, 82 кг, 90 кг, 100 кг және +100 кг салмақ дәрежелері бойынша мықтыны анықтайды.

Дәстүр бойынша жарыстың қомақты жүлде қоры бар.

І орын - 10 000 000 теңге
ІІ орын - 6 000 000 теңге
ІІІ орын - 4 000 000 теңге 

«Еуразия Барысы» Қазақстан аймағында «Qazaqstan» және «Qazsport», Түркияның «TRT Avaz» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар, Ресейдің «Бокс ТВ» және «Матч! Планета» телеарналарының эфирінен де қайталанады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
25 желтоқсан 2017
12:43
14 желтоқсан 2017
16:07
12 желтоқсан 2017
14:25
8 қыркүйек 2017
17:53
6 қыркүйек 2017
14:04