auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бозкілемде мешіт жамағатының үздіктері анықталды

Бозкілемде мешіт жамағатының үздіктері анықталды
©Ольга Апельганец

Қазақ күресінен мешіт жамағатының үздіктері анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы мен "Ұлттық мұра" бағдарламасының мұрындық болуымен биыл төртінші рет өтті. Осыған дейінгі жарыстарда мешітке келуші жамағат қана өзара белдессе, бұл жолы мешіт қызметкерлері арасындағы балуандар да өзара сайысқа түсті.

 "Биылғы ерекшелігіміз – мешіт жамағатымен қатар мешіт өкілдерін де жарысқа қостық. Жарыс қарсаңында екі ай бойы мешіт қызметкерлері жарақат алып қалмас үшін арнайы дайындықтан өткіздік. Тағы бір айта кетер жай бұл жарысымызға кәсіби балуандардың қатысуына тыйым салынған. Қазақ күресі федерациясынан келген мамандар кешегі салмақ өлшеу рәсімінен бастап, тіпті бүгінгі жарыс барысында да қатысушылар арасында спорттық дәрежесі бар кәсіби спортшылардың қатыспауын қадағалап отыр" - деді "Ұлттық мұра" бағдарламасының менеджері Әлия Шайхан.

Жүлде қоры қомақты болғандықтан да кәсіпқой спортшылардың да қатысуға қызығушылығы болғаны рас. Алайда қырағы қазылар кәсіби деңгейі жоғары балуандардың біразын турнир барысында жарыстан шеттеді.

Турнир ҚР қазақ күресі бекіткен ережеге сәйкес өткізіліп, қатысушылар 75 келіге дейін және +75 келіден жоғары салмақ бойынша бақ сынады. Мешіт жамағаты арасындағы жарысқа 45 балуан тіркеліп, бәрі де бозкілемде аянып қалмады. 75 келіге дейінгі салмақта іріктеу белдесулерінен іркілмей өткен Азамат Жарасов пен Аманкелді Асыл финалға шықты. Бас жүлде үшін өткен басты белдесуде бағы басым болған Азамат Жарасов жеңімпаз атанды. 75 келіден жоғары салмақтың жүлдесін Кенжехан Төлепов пен Саят Ысқақ өзара сарапқа салды. Қос мықты бір-біріне әдіс жасай алмай біразға дейін алысты. Тек үш бірдей ескерту Саят Ысқақ  алып қалғандықтан Кенжехан Төлепов жеңімпаз деп танылды.

Екі ай бойы осы турнирге қатысу үшін арнайы дайындықтан өткен мешіт кызметкерлері арасындағы белдесулер де тартысты өтті. 75 келіге дейінгі салмақта "күш атасын танымас" - деген қағиданы тағы бір рет дәлелдей білген Елдос Жортымов чемпион атанды. Ол өзінен 15 келі ауыр әрі еңселі қарсыласы Бақтияр Нұрмахановты тізе бүктірді. Ал алыптар белдесуінде Руслан Қайыргелдіні жеңген Абзал Тұрарбеков жеңімпаз атанды.

"Алдымен жарысты ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Екі ай бойы біздің тыңғылықты дайындалуымызға жағдай жасады. Сондықтан да балуандардың бәрі де мықты болды. Менің салмағым 58 келі болса, финалдағы қарсыласымның салмағы менен 15 келідей артық болды. Әрі ол кезінде еркін күреспен айналысқан. Ал мен болсам мектепте жүргенде күреспен шұғылданған едім. Бұл жолы менің бағым жанды" - деді турнир жеңімпазы Елдос Жортымов.

Турнирді арнайы келіп тамашалаған Алматы қаласының бас имамы Төле би Оспан жарыс соңынан жеңімпаздарды марапаттады. Чемпион атанған балуандарға 150 мың теңге мен арнайы белбеу табысталды. Екінші орын иегерлері 100 мың теңге алса, қола жүлдеге қол жеткізгендер 50 мың теңгені қанағат етті.

Жарыстың мақсаты – ұлттық спортымызды дамыту, оның ішінде қазақ күресі арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, мешіт қызметкерлері мен жамағатын спортпен айналысуға шақыру болатын. Осылайша ұлттық спортымыз тағы бір рет дәріптеліп, күрестің осы түрі дәстүрімізбен ғана емес, дінімізбен де астасып жатқандығының куәсі болдық.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
22 қыркүйек 2023, 09:12
Күрес түрлері
© Жәмила Бақбергенова ӘЧ-де жүлде жеңіп алды

Жарнама

Жарнама