auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Оңтүстік Қазақстанда қазақ күресінен тұңғыш рет спорт клубы ашылды

Оңтүстік Қазақстанда қазақ күресінен тұңғыш рет спорт клубы ашылды
Қазақ күресінің бүгінде қарқынды дамып келе жатқанын көріп көңілді қуаныш кернейді. Өйткені ұлттық күресіміз әлемдегі (UWW) Дүниежүзілік күрес Одағының құрамына мүше болып енгелі бері төл күресімізден әлемнің әр түпірінде жарыстар ұйымдастырылып қазақ күресіне деген қызығушылықтар артып келеді.

Әрине, алдымен елімізде қазақ күресінен әлі де көптеген іргелі істерді атқаруға тура келеді. Солардың бірі спорт ғимараттарын көптеп ашып, жас ұрақтың төл күресімізге деген сүйіспеншілігін жақсарту жолында ауқымды жұмыстар жасау керек. Жуырда Шымкент қаласында қазақ күресінен үлкен клуб ашылып, қала тұрғындарын бір қуантты. Бұл қазақ күресі клубының зәулім сарай болып тұрғызылуына зор үлесін қосқан, Оңтүстік өңірге танымал құрылысшы, «Ғимрат» құрылыс компаниясының басшысы, кезінде қазақ күресі мен еркін күрестен облыстық, республикалық тіпті Бүкілодақтық жекпе-жектерде топ жарып, бірнеше дүркін чемпион атанған ардагер балуан Әзиз Дәулетбеков болатын.

Ел игілігі үшін тұсауы кесіліп отырған қазақ күресі клубының ашылуына Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Ислам Әлмақанұлы Әбішев пен Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Серік Адамұлы Түкеев мырзалар арнайы ат шаптырып келіп, ақжүректен ақ тілектерін жеткізіп, ұлттық күресімізден жаңадан ашылып отырған клубтың тұсауын кесті.

Қазақ күресінен бүгінгі таңда 7 Әлем, 11 Азия, 3 Еуропа чемпионаттары және 3 Әлем кубогі болып өтіп, 40-тан астам елде қазақ күресі федерациялары жұмыс жасауда. Қазақ күресі өткен жылы ел спорты тарихында тұңғыш рет Ашхабадтта өткен жабық кешендегі  Азия ойындарының бағдарламасына 3 салмақ дәрежесі бойынша кіріп, барша қазақ елін қуанышқа бөлегені есімізде.

Қала орталығынан бой көтерген су жаңа қазақ күресі ғимаратының салтанатты ашылуына Оңтүстік Қазақстан облысының құрама командасының белді балуандары түгелдей келіп сап түзеп тұрып, қуанышты шын көңілдерімен бөлісті. Олардың арасында команда капитаны Әділжан Ыстыбаев та бар. Әділжан Ашхабадтта өткен Азия ойындарында қола жүлдені жеңіп алған тұңғыш қазақстандық балуан болып есімі тарихта қалды. Сүйікті қаласында қазақ күресінен спорттық клубтың ашылып отырғанына белгілі балуан дән риза. 

Оңтүстік өңірді қазақ күресінен тұңғыш рет ашылып отырған айтулы клуб, әйгілі балуан Балуан Шолақтың есімімен аталады. Балуан Шолақтай аты дарабоз балуандар шығып, Қазақстанның ғана емес жалпы қазақ елінің намысын әлем жекпе- жектерінде абыроймен қорғасын деген үмітті ту еткен бұл спорт клубының алар асу әлі алда деп ойлаймыз. Қыран түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды - демекші, осындай берекелі бақ отауға, Жанпейіс Қобылановтай білікті ұстаз, тәжірбиелі күрес маманының басшылық қызметіне шақыртылуы жарты істің біткені деп санайды жергілікті жұртшылық.

Ата-бабамыз бізге мирас етіп қалдырған бекзат өнеріміз осындай қайырымды істермен қарыштап дамып келеді. Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының алға қойып отырған асқаралы арман-мақсаттары да асқақ, ең бастысы төл күресімізді Олимпиада ойындарына кіргізу болып табылады. Әрине,сол бағытта жасалар жұмыс жеткілікті. Алдағы жылы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына кіргізу негізгі жоспарда тұр.

Асығу керек, асығу керек қалайда,

Уақыт сенің асықпа дегеніңе қарайма.

Асығу керек, асыға күткен арманның,

Аппақ сәулесі, түссін де тұрсын самайға - деп ақиық ақын Мұқағали жырлағандай, иек артқан мақсатымыз қазақ күресін Олимпада ойындарына қосу деп білсек, асыға жүріп аламан істі тындыруда шырын үмітімізді үзбесек екен.

Ақын ОРДАБАЙҰЛЫ
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
16 маусым 2019, 12:10
Қазақша күрес
Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды
25 желтоқсан 2017, 12:43
Қазақша күрес
Боз кілемдегі алапат айқас Боз кілемдегі алапат айқас
14 желтоқсан 2017, 16:07
Қазақша күрес
"Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды? "Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?
12 желтоқсан 2017, 14:25
Қазақша күрес
Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді

Жарнама

Жарнама