auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Айбек Нұғымаров қазақ күресінен әлем чемпионатына қатысады

Айбек Нұғымаров қазақ күресінен әлем чемпионатына қатысады

Айбек Нұғымаров қазақ күресінен әлем чемпионатына қатысады
Астанада 27-29 қазан аралығында қазақ күресінен өтетін әлем чемпионатында ел намысын кімдердің қорғайтыны белгілі болды.

Бұл туралы «Қазақ күресі халықаралық федерациясы» мәлім етті. Еліміздің ұлттық ойынына әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мемлекеттің спортшылары қатысады. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун бастаған елдердің ең таңдаулы балуандары бар.

Осы әлем біріншілігінде 55 келі салмақта ел намысын Марат Нығматуллаев қорғайтын болса, 60 келі салмақта Қуаныш Ысқақов белдеседі. 66 келі салмақта Қасымхан Төленбай боз кілемге шықса, 74 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов белдеседі. 82 келі салмақта Ерсұлтан Мұзафаровқа үміт артсақ, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев күрес алаңына шығатын болады. Ал 100 келі салмақта Александр Косачев сынға түссе, аса ауыр салмақта осыған бір ай бұрын «Әлем Барысы» атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаров ел намысын қорғайды. Ал абсолютты чемпион атағына Айбат Сейтен таласатын болады. Жалпы төл спортымыздан өткелі отырған додаға 40 мемлекеттен 167 балуан келеді деп күтілуде. Аталған балуанға 30 төреші қазылық етеді. Оның 9-ы шетелдік қазылар болмақ.

Айта кетейік, чемпионат 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәреже бойынша өтеді.   27 қазанда «Хан шатыр» ойын-сауық орталығында спортшылардың салмақ өлшеу және жеребе тастау рәсімі өтсе, 28-29 қазан күндері «Барыс-Арена» мұзайдыны сарайында жарыс өтеді. Біріншіліктің алғашқы күні спортшылар 55, 90, 100 және +100 келіде белдессе, екінші күні 60, 66, 74, 82 және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталмақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
25 желтоқсан 2017
12:43
14 желтоқсан 2017
16:07
12 желтоқсан 2017
14:25
8 қыркүйек 2017
17:53
6 қыркүйек 2017
14:04