auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Боз кілемдегі алапат айқас

Боз кілемдегі алапат айқас
Талдықорғандағы «Динамо» спорт кешенінде облыстық ішкі істер органдары қазақ күресінен «Жетісу Полиция барысы» өтті. Сайысқа әр ауданнан сайдың тасындай іріктеліп келген командалар қатысты.

Шараның шымылдығы облыстық Ішкі істер департаментінің басшысы Мұрат Ұрымханов  сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі. Жарысқа Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәулен Мамыров, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері НұрбақытТеңізбаев арнайы келіп, құрметті қонақ болды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған бәсекеге жұртшылық көптеп қатысты. Дода десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер сынға түскен балуандарды қызу қолдап отырды. Қазақы дәстүрге сай киініп, иықтарына қасқыр терісін асынған балуандар боз кілемге бет алған сайын қиқу үдейе түсті. Жауырынын жерге тигізгісі келмеген апайтөс балуандардың сайысы тартысқа толы болды. Балуандардың барлығы боз кілемде шыныққаны көрініп тұр. Бір-біріне тегеурінді қарсыластар болып, боз кілемде алапат айқас жасады. Құлжаның сақасындай кесек бітімді спортшылардың білек күші мен әбжіл тәсілдері көрермендерді тамсандырды.

Жарыс қорытындысы бойынша 66 келі салмақта бас бәйгені Олжас Исабеков еншілесе, күміс жүлдені Жұматай Жандос иемденді. Ал, қола жүлдені Дәулет  Бағыланға бұйырды. 74 келі салмақ дәрежесінде 1-орынды Жасұлан Қалиев жеңіп алса, Димаш Ғабиденұлы тұғырдың екінші сатысынан көрінді. 3-орынды Ілияс Рымтаевқа бұйырды. 82 келі салмақта 1-орынды Елтай Мекеев еншіледі. 2-орынды Ахмет Қоқанов жеңіп алса, Сырым Жомартов үздік үштіктің қатарынан көрінді. 90 келі салмақта 1-орынды Саят Қызайбек, 2-орынды Ерлан Мыңбаев, 3-орынды Олжас Ахметов қанжығасына байлады. Түй балуанында бас жүлдені Елтай Мекеев жеңіп алды.

Осылайша, боз кілемнің үстінде атой салған кіл мықтылар бәсекесін тамашалаған жұртшылықтың айызы қанып, төл өнерді дамытып, ұлттық спортты ұлықтап жүрген қазақтың қара нар жігіттеріне ризашылығын білдірді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
16 маусым 2019, 12:10
Қазақша күрес
Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды
25 желтоқсан 2017, 12:43
Қазақша күрес
Боз кілемдегі алапат айқас Боз кілемдегі алапат айқас
14 желтоқсан 2017, 16:07
Қазақша күрес
"Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды? "Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?
12 желтоқсан 2017, 14:25
Қазақша күрес
Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді

Жарнама

Жарнама