auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Алматыда өткен "Халық Барысында" мыңға жуық балуан белдесті

Алматыда өткен "Халық Барысында" мыңға жуық балуан белдесті
© Қазақстан барысы баспасөз қызметі
Алматыда осы демалыс күндері "Сұңқар" халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде қазақ күресінің бір тармағы - белдесуден республикалық турнир өтті. Аталған күрес түрінен бақ сынауға Қазақстанның барлық аймағынан  1000-ға жуық балуан келді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Қазақстан барысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екінші рет өткен турнир "Рухани жаңғыру" мақаласын іске асыру мақсатында ұмыт қалған көне балуандық өнеріміз "белдесу" спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру мақсатында  ұйымдастырылды.  

Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасын ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы және "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізді.



Күрес мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораев мырзалар қатысты.

Сондай-ақ, шара барысында "Алашұлы", "Ұлытау", "Тұран", "Алдаспан" топтары өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтар мен атрибуттар насихатталатын театрландырылған шоу және акробатикалық көрсетілімдер, ат үстіндегі ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктері, семсерлесу сахналары болды.

Белдесуге келген 1000-ға жуық балуан жарыстың бірінші күні іріктеу кезеңінен өтті. Ал турнирдің екінші күні 32 балуан өзара күш сынасып, нәтижесінде:

І орын  Нұралинов Дәурен (Алматы қаласы) 9 000 000 теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жатықтырушысы Қиқымов Мақсатқа 1 000 000 теңге табысталды.
ІІ орын Жиентаев Талғатқа  (Қостанай облысы) 4 500 000 теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды.
Жатықтырушысы  Жиентаев Тоқтарға  500 000 теңге табысталды.
ІІІ орын Қырықбаев Ғалымжанға (Жамбыл облысы) 2 700 000 теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды.
Жатықтырушысы Ақбергенов Бахтиярға  300 000 теңге табысталды.
ІV орын Мағауинов Ернар (Алматы қаласы) 1 800 000 теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды.
Жатықтырушысы Насиев Ермек, 200 000 теңге табысталды.


Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
16 маусым 2019, 12:10
Қазақша күрес
Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды Айбек Нұғымаров тағы бір жарыста топ жарды
25 желтоқсан 2017, 12:43
Қазақша күрес
Боз кілемдегі алапат айқас Боз кілемдегі алапат айқас
14 желтоқсан 2017, 16:07
Қазақша күрес
"Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды? "Еуразия Барысында" ел намысын кімдер қорғайды?
12 желтоқсан 2017, 14:25
Қазақша күрес
Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді Қазақ күресінен "Еуразия Барысы" өтеді

Жарнама

Жарнама