Бокстан 20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен әлем кубогының бірінші кезеңі ресми түрде мәресіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
50 елден 400-ден астам боксшы қатысқан бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы есепте үздік үштікке кірді.
Қазақстан құрамасы сапында Виктория Графеева, Сұлтанбек Айбарұлы және Валерия Аксенова чемпион атанды. Аида Әбікеева күміс жүлдені қанағат тұтты.
Алуа Балқыбекова, Диас Молжігітов пен Жібек Жарасқызы қола жүлдегер атанып қайтты.
- Бразилия - 4+5+0
- Қытай - 4+0+1
- Қазақстан - 3+1+3
- Әзірбайджан - 3+0+1
- Польша - 2+0+3
- Өзбекстан - 2+0+1
- Норвегия - 1+1+1
- Венесуэла - 1+0+0
- Испания - 0+2+2
- Венгрия - 0+2+0
- АҚШ, Франция - 0+1+2
- Аустралия, Марокко, Жапония - 0+1+1
- Армения, Мексика, Сербия, Хорватия - 0+1+0
- Канада - 0+0+3
- Англия, Аргентина, Италия, Түркия - 0+0+2
- Австрия, Бельгия, Болгария, Германия, Тайбэй, Қырғызстан, Молдова - 0+0+1
Жарнама