Бокстан Бразилияда өткен Әлем кубогы кезеңінде Аида Әбікеева күміс жүлдені қанағат тұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
65 келіге дейінгі салмақтағы финалда отандасымыз Өзбекстанның көшбасшысы Навбахор Хамидовамен жұдырықтасты. 3 раунд қорытындысы бойынша төрешілер өзбек қызын жеңімпаз деп таныды.
Айта кетейік, Аида Ливерпульдегі Әлем чемпионатының финалында дәл осы Навбахорды жеңіп, чемпион атанған болатын.
Жарнама