Бокстан Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогында Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
85 келіге дейінгі салмақтағы финалда отандасымыз жарыс қожайыны Кауе Белинимен жұдырықтасты.
Отандасымыз өзінің физикалық артықшылығын пайдаланып, 3 раунд бойы қарсыласын соққылармен күтіп алып отырды. Нәтижесінде төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Сұлтанбекке берді.
Айта кетейік, Сұлтанбек Айбарұлы 2025 жылы Үндістандағы шешуші әлем кубогында да топ жарған болатын.
Бұған дейін финалға шыққан боксшылар арасында Виктория Графеева чемпион болса, Аида Әбікеева күміс жүлдегер атанған болатын.
Жарнама