Бокстан Бразилияда өтіп жатқан Әлем кубогында Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Әйелдер арасында 80 келіден жоғары салмақта отандасымыз Валерия Аксенова чемпион атанды. Ол финалда Мажарстан өкілі София Зираны 5:0 есебімен жеңіп шықты.
Бір қызығы бұл салмаққа екі боксшы ғана тіркелген. Валерия бір жекпе-жек өткізіп қана алтын медаль еншіледі. Ал София болса күміс жүлдегер атанып қайтты.
Айта кетейік, Валерияға дейін Виктория Графеева мен Сұлтанбек Айбарұлы чемпион атанған болатын. Ал Аида Әбікеева күміс жүлдені қанағат тұтты.
Алуа Балқыбекова, Диас Молжігітов және Жібек Жарасқызы қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жарнама