"Отжимание" немесе қазақша серпіліс деп аударылып жүр - дененің жоғары бөлігін шынықтыруға өте пайдалы жаттығу түрі. Одан трицепс, кеуде және иқ бұлшықеттері жұмыс істейді. Серпілуді дұрыс техникамен орындаса, арқаның төменгі бөлігі, бел және іш бұлшықеттері де іске қосылады. Бұл күш арттурда өте нәтижелі жаттығу. Ал оның артықшылығы ешқандай құрылғыны қажет етпейді, сондықтан бұл жаттығуды кез келген жерде орындауға болады.
Егер сіз тұрақты түрде жаттықсаңыз, серпілу жаттығуын күнде орындау нәтижесіз болуы мүмкін. Әрине үнемі жасаған адамда дененің жоғары бөлігі айтарлықтай күш алғаны байқалады. Алайда ең жоғары нәтиже серпілудің әртүрін жасап, оны күрделендіру кезінде болады. Бұл үшін сіз өзіңізге "серпілу челленджін" жариялап, әр апта серпіліс санын арттырып отырсаңыз болады.
Кез келген жаттығуды күнделікті орындаудың кері жағы біраз уақыттан кейін сіз еш қиындық сезінбейтін боласыз. Бұл дегеніңіз бұлшықет ары қарай өспейтін бір нүктеге тұрып қалады деген сөз.
Бұлшықет стресске түскен кезде сол ауыртпалыққа бейімделіп, қызметін күшейтеді. Ал белгілі бір ауыртпаллыққа бейімделіп алғаннан кейін бұлшықет одан ары өсімін тоқтатады. Демек күшті одан сайын арттыру үшін сізге бұлшықетті стресске түсірудің басқа амалын жасау қажет.
Егер сіз еденнен күнделікті серпілу жасауды ұйғарсаңыз, техниканы да бекем ұстанған жөн. Жаттығуды техникадан ауытқып орындау жарақатқа себепші болуы мүмкін. Мәселен бел немесе иыққа зақым келуы ықтимал.
Турникке күнде тартылса не болады?
Маңызды
Күнделікті жаттығу әлбетте пайдалы, алайда күнделікті ауыр жаттығулар орындау зиян келтіреді. Егер өзіңізді жақсы сезініп, денсаулығыңызды нығайтқыңыз келсе - жеңіл жаттыққан абзал. Ал егер мақсатыңыз бұлшықет өсіріп, барынша шынығу болса, демалыс алу міндет. Бұған себеп бұлшықет тіндері орташа алғанда 48 сағатта қалыпқа келеді. Ал бұлшықетті қалпына келмей жатып, қайтадан стресске салу кері әсер етеді.
Қауіпсіздік шараларыБастапқыда серпілу тым қиын көрінуі мүмкін, ол кезде стандартты серпілудің жеңілдеу түрінен бастаңыз. Тізеңізді бүгіп алып немесе қабырғаға сүйеніп серпіліп көріңіз. Егер серпілу тым ауыр немесе бұрындары жарақатыңыз болса, алдымен дәрігермен кеңесіңіз. Өз бетінше жаттыға бастар алдында маманнан кеңес алыңыз.Оқи отырыңыз: Протеин деген не? Пайдасы мен зияны