Ug12S3BTzB5PS2wjYHChOa6zrQ0m5uLWJfzt2Toc
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Протеин деген не? Пайдасы мен зияны

Протеин деген не? Пайдасы мен зияны
©Ашық мәліет көздерінен

Протеин - таза ақуызы бар табиғи өнім. Оны адам өсімдік, ет пен сүт өнімдерін тұтынғанда бойына сіңіреді. Адам ағзасына түскенде сөл арқылы ол аминоқышқылдарға ыдырап, оның молекулалары қанға түседі. 

Протеин немесе қазақша айтқанда ақуыздың пайдасы қандай? Жоғарыда айтқандай ол аминоқышқылдарға ыдырайды, өз кезегінде ол адам ағзасы тіндерінің синтезі процессін іске қосып, майлардың ыдырауынан кейін бұлшық ет көлемін арттырады. Ақуызды күнделікті пайдалану салмақты реттеуге септеседі, арықтауға немесе салмақ қосуға. Ақуызды күнделікті қабылдау мөлшері адам салмағының әр келісіне 2,5 грамм. Дитеологтардың ойынша, протеин ішу адам ағзасына зиянын тигізеді. 

Жалпы мәлімет
 

90-шы жылдары протеин энергетик немесе тағамдық қоспалар іспетті зиянды есептелген. Кейінгі жылдардағы зерттеулер бұл өнім туралы ақаратты толықтырып, қазіргі таңда спортшылар, бодибилдерлер мен дұрыс тамақтану тәртібін ұстанатындар байтытылған ақуыз пайдалы деген ойға келді. 

Адамдардың 65 пайызы протеин табиғи өнім және құрамында синтетикалық қоспалар жоқ деп есептейді. Сонымен қоса, олар бұл өнім адам ағзасына толықтай сіңіп, еш зиянын тигізбейді деген ойда. Ақуыз ішкі органдардың қалыпты жұмысы үшін қажет, оның арқасында жұмсақ тіндер мен бұлшық ет өседі. Дегенмен синтетикалық немесе табиғи протеинді асыра тұтыну ішкі органдарға, соның ішінде бүйрекке ауырлық тудырады. Сондықтан байытылған ақуызды - протеин коктейлін пайдалануда салмақты көзқарас ұстанған жөн. 

Арнайы дүкен сөрелерінен спорттық тағамдардың түрін көптеп кездестіруге болады. Протеин, стероидтпен салыстырғанда дұрыс мөлшерде тұтынса, адам ағзасына залал келтірмейді. Бұл өнім құрамы жағынан бірнеше түрге бөлінеді - байытылған ақуыз мөлшері және неден алынатыннына байланысты: сарысу, соя, бұршақ негізінде жасалғандары бар. Әрқайсының сіңу деңгейі әртүрлі. Ең бағалысы сыйыр сүті ақуызының изоляты, алайда, мұндай өнім айтарлықтай қымбат келеді. 

  

Протеиннің бөлініп алынатын шикізат түріне қарай классификациясы

Протеинді ақуызды синтездеу жолымен алады. Бөліп алынатын шикізат және өндіру технологиясына қарай келесідей түрлері болады:  

  • Сарысу концентраты. Спортшылар сүт сарысуының ақуызын пайдаланады. Мұның ұтымды жақтары - бағасының төмендігі, бірақ, сүттен алынған протеинде лактоза мен майлар бар. Мұндай өнімді таза күйінде табу қиын, ол негізінен ақуыз қоспалары мен коктеилдері. Арықтау үшін оны өзге тағам түрлерімен тұтынады, ал ет жинау үшін тұрақты пайдалану керек. 
  • Гидролизат. Сарысу немесе сыйыр етінен алынады. Сапасы жоғары және бағасы да қымбат. Мұндай тазартылған ақуыз ағзаға толықтай сіңеді және асқорту жүйесіне әсер етпейді. Бұл өнім спорттық тамақтану негезіне алынған. 
  • Казеин. Бұл өнімнің толықтай сіңуіне 6-7 сағат кетеді, тамақтану орнына осындай ақуызды тұтынған пайдалы есептеледі. Протеинді аштықты басу мен бұлшық ет өсіру үшін жатар алдында ішеді. 
  • Изолят. Құрамында майлар мен көмірсу аз, ал ақуыз өте мол - 95 пайызға дейін, жылдам қорытылады. Салмақты реттеу мен арықтау үшін пайдаланады, спортшылар жаттығудан кейін қабылдайды. Бағасы қымбат. Бұл өнімді майынан ажыратылған сүттен бөліп алады. 
  • Жұмыртқа ақуызы. Мұндай протеинді жұмыртқа мен жұмыртқаның альбуминінен өндіреді, алайда, температурамен өңделгендіктен ол қасиетін аздап жоғалтады. Көмірсу деңгейі төмен, ал аминоқышқылдарға бай. Ұзақ сіңеді, сондықтан түнгі ұйқы алдында қабылдайды. 
  • Соя протеині. Вегетариандарға арналған өсімдік негізіндегі өнім. Өсімдік клечаткасы сақталып, лактоза болмайтындықтан асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмысына септеседі. Құрамында үлкен мөлшерде аминоқышқылдар, глютамин мен аргинин бар. Диабеті бар адамдарға, әйелдерге гормональді жиынтықты қалыпқа келтіруге қолдануға болады. Ал бағасы өзге протеиндерге қарағанда анағұрлым арзан. 

Ақуыз неге маңызды?

Ақуыз ішкі органдардың жұмысы, бұлшық еттің дамуы мен жасушалардың өсуіне крек, демек бүкіл ағзаға қажет. Сондықтан қандай жаста болмасын ол тамақтану негізінде болғаны жөн. Дүниеге келісімен бірінші ақуыз бен пайдалы аминоқышқылдарды сәби ана сүтімен немесе балаларға арналасқан қоспалармен алады - 100 миллилитрге 9-15 грамм көлемінде. Өзге маңызды құрамдас бөлік - полипептидтер, ет, сүт өнімдері, жұмыртқа ақуызы мен казеинде болады. Бұл нутриенттердің бәрі синтетикалық қоспасыз табиғи жолмен алынады.

Қазіргі таңдағы өмір ырғағы адам ағзасына әсерін тигізбей қоймайды. Стресс, физикалық шаршау немесе қозғалыстың аздығынан адам ағзасына қант пен липидтердің қажеттілігі аз. Ал денсаулықты қалыпқа келтіру мен ағзаның негтивті факторларға қарсы тұруына құрылыс элементі - ақуыз қажет. Протеин пайдасы бұлшық ет өсіруде ғана емес, ол гормондардың бөлінуі үшін және күш сарқылып, депрессияға ұшырамас үшін де қолданылады. 

Протеин ұнтақтарының түрлері

Протеин қоспаларын пайдалану нақты бір адам мен оның ағзасына байланысты болады. Созылмалы аурулар, кейбір тағам түрлерінің жақпауы мен аллергиясы барларға ақуызды тұтыну тәсілдері шектелген. 

Сонымен қоса, протеинді тұтыну мақсатын айқындап алған жөн:

  • ет жинау;
  • жаттығудан кейін қалыпқа келу;
  • арықтау кезінде салмақ тастау;
  • ағзаның жай-күйін жалпы жақсарту үшін.

Ет пен сүт өнімі негізіндегі протеин

Мұндай аққуыз бұлшық ет өсіруде тиімділігі ең төмені болып саналады, бірақ, спортшылар арасында кең таралған тамақ қоспасы. Мұндай протеиндер төмендегідей бөлінеді:

  • ет негізінде - жануарлар ақуызынан алынады, дәмі етке ұқсас;
  • казеинді - сүт ірімшігінен алынады, сіңу уақыты 3-5 сағат;
  • жұмыртқанікі - кептірілген жұмыртқа ақуызы, ұқсас дәмі бар;
  • сүт негізінде - сарысу мен казеиннен тұрады, 20 пайызы жылдам сіңеді - 3-4 сағатта, ал қалған бөлігі ұзағырақ;
  • бидайдан алынатыны - бидай мен басқа дақылдар енді көктей бастағанда алынады, химиялық құрамы жағынан соя ақуызына ұқсас.


Өсімдік негізіндегі ұнтақ протеин

Вегетариандар өсімдік негізіндегі протеинді пайдаланады. Ақуыздан бөлек онда клетчатка, қаныққан май қышқылдары бар. Осының арқасында адам өзін жақсы сезінеді. Бірақ ер адамдарға өсімдік негізіндегі протеиндер қабылдамаған жөн. 

 

Протеиннің пайдасы

Протеин тұтынудың оң әсері:

  • бұлшық ет жинауда жақсы көрсеткіштер;
  • протеиндегі аминоқышқылдар мен ақуыздар, жетіспей жатқан майлар мен көмірсулардың орнын толтырады;
  • қандағы қанттың төмендеуіне байланысты ағза тамақты азырақ қажет етеді;
  • ақуыздың тәуліктің нормасын береді, вегетариандардың тамақтануына жарамды;
  • күш-қуат пен шыдамдылық артып, көңіл-күй жақсарады;
  • сұйықтықта тез ериді - су немесе сүтте;
  • толықтай сіңеді, асқазанға ауырлық қылмайды;
  • ұнтақ сүтке қарағанда ұзақ сақталады, сондықтан ұзақ сапар мен саяхат кезінде ыңғайлы;
  • жеке талғамыңызға сай қоспалар таңдауының молдығы;
  • протеин қанға түскесін инсулин деңгейін реттейді;
  • протеин коктейлі жүрек жалғанға жарайды.


Протеин және дұрыс тамақтану

Спортпен шұғылданатындардың тамақтануы ретті болу қажет, бұл жаттығу нәтижесі ұзақ сақталуы үшін керек. Мұндай кезде табиғи тағамдар тұтынған абзал. 

Ақуыз өнімдерінің оң әсері:

  • ағзадағы метаболизмді жылдамдатады;
  • жасушаларды токсиндерден тазартады;
  • иммунитетті нығайтып, әлсіреген ағзаның қорғанысын арттырады;
  • қандағы инсулинді қалыпқа келтіреді;
  • шаш пен тырнақ мықтырақ болады, ал тері сыртқы әсерге шыдамдырақ келеді.


Дәрігерлер рационды былай бөлуді ұсынады: тамақтың 50 пайызы - көкөніс пен жеміс, 30 пайызы - ет пен сүт өнімдері, 10 пайызы - дәнді дақылдар. Синтетикалық қоспаларды пайдалануға болады, бірақ, олар табиғи өнімге қарағанда зиянды келеді.

Протеин тұтынудың кері әсері

Кез келген өнім сияқты протеиннің жанама әсері болады:

  • іш өту, нашар қорытылу, іш қату. Мұндай кезде лактозасы жоқ қоспаларды - изолят пен гидролизат тұтыну керек. Әдетте көпшілікке лактоза жаға бермейді;
  • протеин бауыр мен бүйрекке кері әсерін тигізеді. Егер адамның ішкі мүшелері ауыратын болса, протеинді көп мөлшерде пайдаланбаған абзал;
  • ұнтақталған протеинде пайдалы микроэлементтер мен дәрумендер жоқ, құрамында зиянды қоспалары болады; 
  • сапалы әрі пайдалы өнім қымбат тұрады;
  • таза күйіндегі протеиннің дәмі ұнай бермейді, сондықтан өндірушілер дәмдеуіштер, бояуыштар мен қант аламсытурышылар қосады;

Протеинді тұтынуда ұстанатын басты ереже - ішетін асыңызды ақуызбен толық алмастыруға болмайды. Оны жаттығудан кейін күш жинауға тұтынады. Протеин тұтынғанда жеткілікті түрде су ішу қажет. Протеин тағамдық қоспа болғандықтан, оны дәрігерге қаралғаннан кейін тұтына бастаған жөн.

Все самое актуальное о спорте в вашем телефоне - подписывайтесь на наш Instagram!

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
16 қазан, 16:16
Қазақша жаңалықтар
Садақ атудан Қазақстан чемпионы анықталды Садақ атудан Қазақстан чемпионы анықталды