Бокстан әлем кубогының Ташкентте (Өзбекстан) өтетін финалдық кезеңіне қатысатын Ресей құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың шешуші кезеңі 26 қараша мен 4 желтоқсан аралығында World Boxing халықаралық ұйымының аясында өтеді.
Ерлер құрамасы:
50 келі. Володя Мнацаканян
65 келі. Максим Шумов
75 келі. Сергей Сергеев
80 келі. Бешто Шавлаев
85 келі. Идар Занилов
Әйелдер құрамасы:
48 келі. Юлия Чумгалакова
57 келі. Людмила Воронцова
70 келі. Надежда Голубева
75 келі. Елена Гапешина
80 келі. Салтанат Меденова
80 келіден жоғары. Ксения Олифиренко
Жарысқа 31 елден барлығы 142 боксшы қатысады. Спортшылар турнирге World Boxing халықаралық ұйымының шақыруымен келген.
Алғашқы жекпе-жектер 28 қарашада өтеді. Финалдық кездесулер 3 желтоқсанға жоспарланған.
Бұған дейін бокстан әлем кубогына қатысатын Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының тізімі жарияланған еді.
Жарнама