Бокс
Бүгін 11:42
 

Қазақстан Ташкенттегі әлем кубогіне баратын құрамды жариялады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Ташкенттегі әлем кубогіне баратын құрамды жариялады © instagram/tulemissov_daulet

Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымының қолдауымен 2026 жылғы бокстан Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын құрамын анықтады. Жарыс 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымының қолдауымен 2026 жылғы бокстан Әлем кубогының соңғы кезеңіне қатысатын құрамын анықтады. Жарыс 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан атынан кім қатысады?

Ұлттық құрама сапына 11 боксшы енді: алты ер және бес бұрымды спортшы.

Ерлер:

50 келі – Даниял Сәбит;
70 келі – Фарух Тоқтасынов;
75 келі – Аман Қонысбеков;
80 келі – Диас Молжігітов;
85 келі – Сұлтанбек Айбарұлы;
90 келі – Дәулет Төлемісов.

Бұрымдылар:

57 келі – Карина Ибрагимова;
70 келі – Бақыт Сейдеш;
75 келі – Шұғыла Налибай;
80 келі – Валерия Аксенова;
80 келіден жоғары – Дина Исламбекова.

Жарыс уақыты мен қатысушылары

Жарысқа 31 елден барлығы 142 боксшы қатысады. Спортшылар халықаралық World Boxing ұйымының шақыруын алған.

Алғашқы жекпе-жектер 28 қарашада өтеді, ал финалдық кездесулер 3 желтоқсанға жоспарланған.

Бұған дейін Өзбекстан Әлем кубогына қатысатын құрамын жариялаған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!