Бокс
Бүгін 10:59
 

Қазақстан қатысады. Өзбекстан Әлем кубогі финалына құрамын жариялады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан қатысады. Өзбекстан Әлем кубогі финалына құрамын жариялады ©Өзбекстан бокс федерациясы

Өзбекстан бокс федерациясы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Ташкентте World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтетін әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын ұлттық құрама сапын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстан бокс федерациясы 27 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Ташкентте World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өтетін әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын ұлттық құрама сапын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирге әлемнің үздік боксшылары жиналады. Жарыс қожайындары ерлер арасында 10, әйелдер арасында сегіз спортшыны сынға қосады.

Өзбекстан ерлер құрамасының құрамы:

50 келіге дейін: Шодиёржон Меликузиев;
55 келіге дейін: Асилбек Жалилов;
60 келіге дейін: Самандар Олимов;
65 келіге дейін: Абдурахмон Махмуджонов;
70 келіге дейін: Абдуллох Мадаминов;
75 келіге дейін: Сафармурод Аллаберганов;
80 келіге дейін: Жавохир Умматалиев;
85 келіге дейін: Норбек Абдуллаев;
90 келіге дейін: Акмалжон Исроилов;
90 келіден жоғары: Жахонгир Зокиров.
Бас бапкер: Тулкин Киличев.

Өзбекстан әйелдер құрамасының құрамы:

48 келіге дейін: Фарзона Фозилова;
51 келіге дейін: Феруза Казакова;
54 келіге дейін: Нигина Уктамова;
57 келіге дейін: Хуморабону Мамажонова;
60 келіге дейін: Ситора Турдибекова;
65 келіге дейін: Навбахор Хамидова;
70 келіге дейін: Азиза Зокирова;
80 келіге дейін: Рухшона Парпиева.
Бас бапкер: Элшод Расулов.

Еске салайық, бұл турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады. Алайда әзірге ұлттық құраманың тізімі жарияланған жоқ.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!