Бокс
Кеше 10:41

Қазақстан бокстан Әлем кубогінің екінші кезеңіне құрамын жариялады

©kfb.kz

Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымының қолдауымен өтетін Әлем кубогының екінші кезеңіне қатысатын боксшылардың есімдерін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz

Қытайдың Гуйян қаласында өтетін турнирде ерлер құрамасы сапында тоғыз боксшы ел намысын қорғайды. Олардың қатарында ұлттық құраманың негізгі көшбасшылары да бар.

Қазақстан құрамасы (ерлер)

50 кг — Санжар Тәшкенбай;
55 кг — Тимур Қабдешов;
60 кг — Серік Теміржанов;
65 кг — Санатәлі Төлтаев;
70 кг — Абылайхан Жүсіпов;
75 кг — Тимур Нұрсейітов;
80 кг — Сабыржан Аққалықов;
90 кг — Нұрбек Оралбай;
+90 кг — Айбек Оралбай.

Қазақстан құрамасы (әйелдер)

51 кг — Алуа Балқыбекова;
54 кг — Назым Қызайбай;
60 кг — Виктория Графеева;
65 кг — Аида Әбікеева;
70 кг — Лаура Есенгелді;
75 кг — Наталья Богданова;
80 кг — Валерия Аксёнова;
+80 кг — Дина Исламбекова.

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Назым Қызайбайға қатысты шешім қабылдағаны белгілі болған еді.

Әлем кубогының екінші кезеңі 15-21 маусым аралығында өтеді. Турнирге әлемнің 44 елінен 333 боксшы қатысады. Жарыста ерлер мен әйелдер арасындағы 20 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдағы турнирге қатысатын құрамын Өзбекстан ұлттық құрамасы да жариялаған болатын.


Еске салсақ, сәуір айында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өткен Әлем кубогының алғашқы кезеңінде қазақстандық боксшылар жоғары нәтиже көрсеткен еді. Қазақстан құрамасы үш алтын, бір күміс және үш қола жеңіп алды.

Алтынды Виктория Графеева (60 кг дейін), Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг дейін) және Валерия Аксёнова (+81 кг) иеленді. Аида Әбікеева (65 кг дейін) күміс жүлдегер атанса, Диас Молжігітов (80 кг дейін), Алуа Балқыбекова (51 кг дейін) және Жібек Жарасқызы (80 кг дейін) қола жүлде иегері болды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы турнир қожайыны Бразилия мен Қытайдан кейін үшінші орынға тұрақтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport