| 1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Бокс
Бүгін 10:33
 

Өзбекстан әлем кубогына баратын боксшылар тізімін жариялады

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстан әлем кубогына баратын боксшылар тізімін жариялады ©UzDaily.uz

Бокстан Өзбекстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz

blog.share

Бокстан Өзбекстан құрамасы Қытайдың Гуйян қаласында өтетін World Boxing ұйымының Әлем кубогы кезеңіне қатысатын спортшылар құрамын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz

Турнир 15-21 маусым аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің жетекші ұлттық құрамалары, оның ішінде Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

Өзбекстан командасының өтініміне Париж Олимпиадасының чемпионы Абдумалик Халоков енді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шығады.

Өзбекстан құрамасы (ерлер)

50 кг — Асилбек Жалилов
55 кг — Самандар Олимов
60 кг — Абдумалик Халоков
65 кг — Миркомил Саитохунов
70 кг — Шавкатжон Болтаев
75 кг — Жавохир Абдурахимов
80 кг — Жавохир Умматалиев
85 кг — Акмалжон Исроилов
90 кг — Турабек Хабибуллаев
+90 кг — Арман Маханов

Өзбекстан құрамасы (әйелдер)

48 кг — Фарзона Фозилова
51 кг — Феруза Казакова
54 кг — Азиза Якубова
57 кг — Нигина Уктамова
60 кг — Ситора Турдибекова
70 кг — Райхона Курбонбоева
75 кг — Азиза Зокирова
80 кг — Рухшона Парпиева
+80 кг — Олтиной Сотимбоева

Қытайдағы маңызды сын

Гуйяндағы Әлем кубогы кезеңі халықаралық бокс маусымындағы маңызды жарыстардың бірі саналады. Турнирге әлемнің үздік құрамалары қатысады. Олардың қатарында бұл додаға қатысатыны ресми түрде расталған Қазақстан құрамасы да бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!