Бокс
1 шілде 15:45

Әлем кубогі кезеңінде қазақстандық тағы бір боксшы жеңілді

©Optimism.kz

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әнел Сақыш бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінің 1/8 финалында Өзбекстаннан келген Азия чемпионы Феруза Казаковамен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 54 келігедейінгі салмақ дәрежесінде өтті. Кездесу қорытындысы бойынша жеңіс өзбекстандық боксшыға берілді..

Еске салайық, жарыстың алғашқы айналымында Әнел Сақыш Германия спортшысы Татьяна Обермайерді сенімді түрде жеңген болатын. Екінші және үшінші раундтарда қарсыласын екі рет нокдаунға түсірген еді.

Сондай-ақ, турнирдің бірінші күнінде Абылайхан Жүсіпов Қырғызстан боксшысы Алмаз Орозбековке жол берген еді.

Осылайша, бұл жеңіліс Қазақстан құрамасы үшін өз жеріндегі Әлем кубогы кезеңіндегі екінші сәтсіз нәтиже болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport