Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогі кезеңін сәтті бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.
54 келі салмақта өткен алғашқы жекпе-жегінде Әнел германиялық Татьяна Обермайерді жеңді. Екінші және үшінші раундтарда Обермайерге нокдаун есептелді.
Бұл Қазақстанның осы турнирдегі екінші жеңісі болды. Бұған дейін ұлттық команданың кқшбасшы боксшыларының бірі Назым Қызайбай (48 кг) да жеңіске жеткен болатын.
Бүгін тағы үш қазақстандық боксшы рингке шығады, жекпе-жектердің кестесімен осы сілтеме арқылы танысуға болады.
Әлем кубогінің кезеңі 6 шілдеге дейін жалғасады.
Жарнама