Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов Астанада басталған Әлем кубогі кезеңіндегі бірінші айқасында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келідегі бірінші жекпе-жекте Абылайхан қырғызстандық Алмаз Орозбековпен жұдырықтасты. Бұл кездесуде Жүсіпов екі раунд бойы басым болды, алайда, үшінші раундта оның қабағы жарылып, дәрігер жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермеді.
Қазақстандық боксшының қабағы абайсызда соқтығысудан жарылған жағдайда алдыңғы екі раунд есебі бойынша жеңісті Жүсіповке берер еді. Бірақ төрешілер оның қарсыласы жеңді деп шешкеніне қарағанда Абылайдың қабағы қарсыластың дәл соққысынан жарылған болса керек.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов бірінші айқастан кейін-ақ жарысты аяқтады.
Жарнама