Зайнутдинов ЦСКА-ның қыркүйек айындағы үздік футболшысы атанды

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: ЦСКА©
Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Ресей біріншілігінде өнер көрсеткен футболшылар арасында ЦСКА командасының қыркүйек айындағы үздік футболшысы атанды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жанкүйерлер арасындағы сауалнама команданың ресми сайтында өтті. Оған 12 544 адам қатысқан. 

Зайнутдинов бұл сауалнамада 37 пайыз дауыс жинап, бірінші орын алды. Екінші орында Никола Влашич (23 пайыз), ал үшінші орынға Игорь Акинфеев (18 пайыз) жайғасқан. 

Еске салайық, қазақстандық футболшы ЦСКА сапында үш кездесу өткізді. Ол мәскеулік клуб қатарына 25 тамыз күні "Ростовтан" ауысып келді. 







Метки:
Жаңалықтар