"Жеңіс" футбол клубы 16 жылдан кейін премьер-лигаға оралды

©"Жеңіс" ФК

Астананың "Жеңіс" футбол клубы 16 жылдан кейін Қазақстан премьер-лигасына қайта оралды. Осылайша, "Елімай" мен "Тұраннан" кейінгі үшінші жолдамаға ие болды. 

Команда бірінші лиганың соңғы турында "Оңтүстік" командасын 4:0 есебімен ұтты. Команда сапында Тамаз макацария хет-трик жасаса, бір голды Артем Черединов өз еншісіне жазды. 

"Жеңіс" командасы соңғы рет премьер-лигада 2008 жылы ойнаған. Қазақстанның үш дүркін чемпионы болған клуб.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар