"Ордабасы" тарихта алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

©"Ордабасы" ФК

Футболдан Қазақстан чемпионатының 25-турында қарағандылық "Шахтерді" ұтқаннан кейін (3:1) шымкенттік "Ордабасы" 2023 жылғы маусым қорытындысы бойынша кепілді түрде бірінші орын иеленіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz

Александр Седнев жаттықтыратын команда бірінші таймда-ақ үш гол салды. Гол авторлары: Айбар Жақсылықов, Шохбоз Умаров және Артем Беседин. 

Екінші таймда "Шахтер" сапынан Тимур Чогадзе бір гол соға алды. Осыдан кейін есеп өзгермеді. 

Осылайша, "Ордабасы" 58 ұпай жинап, "Астанадан" алты балл артық жинап, өз тарихында алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport