ФИФА қазақстандық командаға трансферлік бан қойды

©ТАСС

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) "Қайсарды" бұрынғы ойыншысы Алексей Шумскихке 36 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Клубқа трансферлік бан қойылды, деп хабарлайды Vesti.kz Серый CARDINAL телеграм арнасына сілтеме жасап. 

"Қызылордалықтарға бұрынғы басшыларының кесірінен әлі де "сәлемдер" келіп жатыр. Бұл жолы ресейлік Алексей Шумскихтің қарызы. Онымен салдарын ойламастан қоштасып еді. Енді қазіргі басшылық жауап беруде. Дегенмен директор Садық Мұсаев бұл мәселе тез арада шешілетінін айтады", - деп жазыпты дереккөз. 

32 жастағы Шумских "Қайсарда" 2020 жылы болып, чемпионатта бір ғана ойынға шықты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport