"Ақтөбеден" кеткен легионерді "Қайрат"өз сапына алды

©KazFootball.kz

"Қайрат" футбол клубы 30 жастағы бразилиялық шабуылшы Элдер Сантанамен келісімшарт жасасады. Келісім 2024 жылдың соңына дейін есептелген.

Элдер Сантана осыған дейін "Ақтөбе" командасында ойнаған еді. Өткен маусымда ол ақтөбелік команда сапында барлық турнирде 32 матч өткізіп, 6 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.

Шабуылшы "Атлетико Минейро" түлегі. Ол клубтан бөлек карьерасында отанында "Тупи", "Ферровиарию", "Сампайо Корреа", "Брагантино", "Атлетико Гойяньенсе", "Ботафого", "Сертаозиньо" командаларында өнер көрсетті.

2019 жылдың жазында шабуылшы Португалияға көшіп, онда "Санжуаненсе" және "Жил Висенте" клубтарының намысын қорғады.

Айта кетейік, бұған дейін "Қайрат" командасы қорғаушы Лука Гадраниді де "Ақтөбе" командасынан алып, қатарына қосқан болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport