"Реалда" ойнады. Ла Лигада өнер көрсеткен футболшы "Тобылға" өтуі мүмкін

Роналду мен Черышев ©Sport24.ru

Мадридтің "Реал" футбол клубында ойнаған ресейлік жартылай қорғаушы Денис Черышев Қостанайдың "Тобыл" командасы қатарын толықтыруы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz. 

33 жастағы футболшы қазір Италияның "В" сериясындағы "Венеция" командасында ойнап жүр. Қос тарап келіссөз жұмыстарын бастап кеткен. 

"Тобыл" командасы келер маусымда чемпион атанып, еурокубок ойындарының топтық кезеңіне шығуды жоспарлауда. Ол үшін команда құрамын тәжірибелі футболшылармен толықтыруда. 

Денистің "Венециямен" келісімшарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Дегенмен ресейлік футболшы екі тараптың ортақ шешімімен еркін агент ретінде басқа командаға ауысуға мүдделі. Сондықтан да қостанайлық клубқа ауысу мүмкіндігі бар. 

Айта кетейік, Денис Черышев – "Реал" командасының түлегі. 2013 жылға дейін "корольдік клуб" құрамында болды. Одан кейін "Севилья", "Вильярреал" және "Валенсия" клубтары сапында ойнады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport