ЦСКА Зайнутдиновтің позициясына жаңа футболшы сатып алды

Бахтиер Зайнутдинов. Сурет: ЦСКА©
Мәскеулік ЦСКА командасы Эмиль Бохиненмен келісімшарт жасады,- деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Футболшы мен клуб 2025 жылға дейін келісімшарт жасаған. Норвегиялық футболшы Испанияда жаттығу жасап жатқан команда қатарына қосылған. 

Айта кетейік, бұл позицияда ЦСКА сапында қазақстандық футболшы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсетеді. 

Бохинен болс,а норвегиялық "Стабек" командасының тәлімгері. Transfermarkt бұл жартылай қорғаушының бағасы 1,3 миллион еуро деп жазады. 

Қазіргі уақытта ЦСКА командасы Ресей біріншілігінің 19-турынан кейін 37 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орында келеді. 




Метки:
Жаңалықтар