"Тобыл" "Ордабасыны" ойсырата ұтты

ФК "Тобол" ©
Футболдан ел премьер-лигасының 16-турында "Тобыл" мен "Ордабасы" командалары кездесті. Ойында қостанайлық клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Екі команда арасындағы ойынның бірінші таймында гол соғылған жоқ. Екінші тайм басталысымен қостанайлық клуб сапынан Руслан Валиуллин гол соқты. Араға 9 минут сала Виктор Дмитриенко допты сәтсіз қайтарып, өз қақпасына допты енгізіп алды. Ойындағы үшінші голды Сенин Себаи соқты. 



Қазір екі команда арасын шымкенттік клубтың 1 ұпайы ғана бөліп тұр. Ал қостанайлық команданың бір кем ойыны бар. 

Айта кетейік, бүгін 16-турдың тағы екі ойыны өтеді. Сағат 17:00-де "Астана" мен "Қайрат", 19:00-де "Қайсар" "Каспийге" қарсы ойын өткізеді. 
Метки:
Жаңалықтар