"Тобыл" екі футболшымен келісімшартты ұзартты

"Тобыл" футбол клубы команданың жартылай қорғаушысы Самат Жарынбетов және қорғаушы Сұлтар Әбілғазымен келісімшартты ұзартты.

Жарынбетов "Тобылға" 2017 жылы қосылған болатын. Осы уақыт ішінде Самат қостанайлық клубтың жейдесінде 62 матч өткізіп, үш гол мен бес нәтижелі пастың авторы атанды.

Сұлтан Әбілғазы "Тобыл" сапында 2018 жылдан бастап ойнайды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Тобыл" үшін 37 матч өткізіп, екі гол соқты, бір нәтижелі пас берді. Екі футболшының да еңбек келісімі 2021 жылдың соңына дейін есептелген.
Метки: