"Тексеруден өту керек". Агент Зайнутдиновтың жағдайы туралы айтып берді

Сурет ЦСКА сайтынан алынды.
Мәскеулік ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтің агенті Евгений Новиков қазақстандық футболшының жартылай қорғаушысының жағдайы туралы айтып берді. 

"Бахтиердің жағдайы жақсы болып қалды. Өз-өзіне келіп жатыр. Басындағы ісік ақырындап кетуде. Қазір ол жаттығу жасап жатқан жоқ. Себебі оған физикалық жаттығу жасауға болмайды. Келесі аптада ол тағы бір тексерістен өтеді. Соның қорытындысы бойынша, Зайнутдиновтің қашан алаңға оралатыны белгілі болады", - деді агент. 

Еске салайық, Зайнутдинов Ресей біріншілігінің 14-турында "Ростовқа" қарсы кездесуде жарақат алып, миы шайқалды. Осы жарақатына байланысты ол Ұлттар лигасындағы Қазақстан құрамасының ойындарына қатыса алмайды. 







Метки:
Жаңалықтар