"Тараз" командасының жаңа бас бапкері тағайындалды

Вардан Минасян. Сурет: topsports.am©
Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарына аттанар алдында "Тараз" футболшыларына команданың жаңа бас бапкері таныстырылды,- деп хабарлайды meta-ratings.kz. 

Команданың тізгінін Армения құрамасы мен қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы бас бапкері Вардан Минасян ұстады. Маман бірер күн бұрын ғана ұшып келіп, команда мен облыс басшыларымен кездескен. Сосын футболшыларға таныстырылған. 

Ертең, 2-ақпан күні "Тараз" командасы оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Анталияға ұшып кетеді. Осы жаттығу кезінде команда қатарына жаңа футболшылар қосылуы мүмкін. 




Метки:
Жаңалықтар