"Тараз" Қазақстанға келе алмай жатқан шабуылшымен қоштасты

Сурет: ФК "Тараз"
Жамбылдық "Тараз"  клубы шабуылшысы Нельсон Цатльмен қоштасып жатыр,- деп хабарлайды Meta-ratings.kz. 

28 жастағы футболшы қазір отанында, Австрияда жатыр. Клуб шабуылшыға келісімшартты бұзғанын хабарлаған екен. 

Биылғы маусымда ҚПЛ-де екі кездесу өткізіп, бір гол және бір нәтижелі пас берген. Ол ел біріншілігінің үшінші турына қатыспады. Себебі, Қазақстанға келе алмады. 

"Таразға" дейін Цатль кипрлік "Докс" командасында, одан алдын бірнеше австриялық клубтарда ойнаған. 



Метки: