Шпилевский "Қайраттан" кетті. Ол германиялық клубтың бас бапкері болады

Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.

Алексей Шпилевский алматылық "Қайрат" командасынан кетті. Бұл туралы Матч ТВ арнасының комментаторы Роман Нагучев Твиттер парақшасында жазды. 

"Керемет жаңалық естідім. Алексей Шпилевский "Қайраттан" кетіп, екінші бундеслиганың бас бапкері болады. Ол енді Германияда жұмыс істейді. Мұны 11 маусымда хабарлауы тиіс. Біз Леша екеуміз доспыз. Сондықтан ол үшін қуаныштымын. Ол мұндай мүмкіндікті бұрыннан қалады", - деп жазды Роман Нагучев

Ал "Тень отца Гурмана" телеграм-каналының ақпараты бойынша, ол германиялық Аэу-Бад-Шлем қаласының "Эрцгебирге" командасының бас бапкері болады екен. 

Бірақ клуб тарапынан да, бапкер тарапынан да бұл ақпарат әлі расталған жоқ 

Айта кетейік, 33 жастағы беларусь маманы "Қайраттың" тізгінін 2018 жылдың қараша айында ұстады. 2020 жылы ол "Қайратпен" Қазақстан чемпионы атанды. Биыл команда үшінші сатыда. Көш басында келе жатқан "Астана" командасынан 10 ұпай қалып келеді. 

 

Метки:
Жаңалықтар