Шпилевский екінші рет қатарынан ел біріншілігінің үздік бапкері атанды

Алексей Шпилевский. Сурет "Қайрат" сайтынан алынды.
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) қыркүйек айының қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан Чемпионатының ең үздік бапкерін таңдады.

Үздік бапкерді анықтау барысында сауалнамаға қатысушылар бір ғана үміткерді атады.

Сауалнама нәтижесі бойынша қыркүйек айының ең үздік бас бапкері болып Алексей Шпилевский атанды. Белорусиялық маманға өз дауыстарын отандық командалардың 5 бапкері берді.

Естелік жүлдені Шпилевскийге Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев табыстады.

Айта кетейік, 18 қазан күні Шпилевский жаттықтыратын "Қайрат" командасы талдықорғандық "Жетісу" ұжымын 4:2 есебімен жеңіп, турнир кестесінде бірінші орынды сақтап қалды. 

Метки: