"Шахтердің" бұрынғы футболшысы еуропалық клубқа ауысты

Сурет "Шахтердің" сайтынан алынды.
Қарағандылық "Шахтердің" бұрынғы футболшысы Милош Видович сериялық "Раднички" клубымен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Видович "Шахтер" сапына өткен жазда ауысып келген болатын. 2019 жылғы маусымға ол қарағандылық клуб сапында 13 кездесуге қатысып, бір гол соғып, үш сары қағаз алды. 

2019 жылдың соңында "Шахтер" басшылары футболшымен 2020 жылдың соңына дейін келісімшарт ұзартқан еді. Бірақ "кеншілердің" жаңа басшылары шартнаманы бұзып, футболшыға үстемақы берген. 

Бұған дейін ол тәжікстандық "Истиккол", украиналық "Олимпик", "Сталь", "Металлург" және "Титан" командаларының намысын қорғаған. 




Метки: