"Шахтер" мен "Қызыл-Жар" ұпай бөлісті

Қарағандылық "Шахтер" Премьер-лиганың 15-турында Петропавлдық "Қызыл-Жармен" тең ойнады. Талғардағы Ұлттық құраманың базасында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.

Бұл ойында екі команда да бір бірін бақылап, сақ ойнады. Есесіне кездесу барысында алты сары қағаз көрсетілді.

Бір ұпайға қол жеткізген "Шахтер" турнирлік кестеде 17 ұпаймен жетінші орынын сақтап қалды. 12 ұпайы бар "Қызыл-Жар" тоғызыншы орында тұр.
Метки:
Жаңалықтар