"Шахтер" ел біріншілігіндегі "Қайсарға" қарсы кездесуін Алматыда өткізеді

Сурет "Шахтердің" ресми сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан премьер лигасындағы "Шахтер" мен "Қайсар" арасындағы төртінші туры ойыны Алматыда өтеді, деп хабарлайды KazFootball.kz

Жексенбі, 5 шілде күнгі ойын "Жас Қыран" стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-де басталады. 

Еске салайық, өткен жылдың қазан айында "Шахтердің" Қарағанды қаласындағы стадионында ресми кездесулерді өткізуге тиым салған еді. Қазіргі уақытта стадионда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Құрылыс 2020 жылдың 1 тамызында бітеді деп күтілуде.