Сербиялық шабуылшы қазақстандық командалардың біріне ауысатын болды

Сурет: "Алашкерт" сайтынан алынды.

Армениялық "Арарат-Ереван" клубының шабуылшысы Урош Ненадович "Тараз" командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Ол жуық арада жамбылдық команданың қатарына қосылуы керек. 

Армения біріншілігіне ауысарға дейін 27 жастағы шабуылшы Сербия жерінде ОФК, "Нови Сад", "Нови Пазар", "Войводина" және "Рад" командаларының намысын қорғаған. Сондай-ақ, ол амрениялық "Алашкерт" және "Ширак" командаларында ойнаған. 

Соңғы маусымда Ненадович "Арарат-Ереван" сапында 18 кездесуге қатысып, жеті гол соққан. 

Метки: