Рохер Каньяс Қазақстанға қайта оралды

Сурет "Астана" сайтынан алынды.
"Ертіс", «Ордабасы», "Астана" және "Шахтер" клубтарының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс Қазақстан чемпионатына оралды.

"РБ-Спорт Қазақстан" хабарлағандай, колумбиялық жартылай қорғаушы "Таразбен" келісімшартқа отырды. Келісім 2020 маусымның соңына дейін есептелген. Қазіргі уақытта футболшы Қазақстанға келу үшін визаны күтіп отыр.

Сонымен қатар, бұған дейін Каньяс пен «Тараз» келісе алмағандығы туралы хабарланған болатын. Колумбиялық ойыншы "Тараз" клубының ағымдағы маусымға қойған міндеттеріне қанағаттанбаған екен.

30 жастағы Каньяс 2019 жылдың шілдесінен бері клубсыз жүр. Оның соңғы командасы - "Ертіс", бұл команда үшін жартылай қорғаушы 15 матчта үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Метки: