Ресейлік қорғаушы қазақстандық командадан кететін болды

Сурет: ҚКПЛ
Ресейлік қорғаушы Андрей Буйволов қарағандылық "Шахтер" командасынан кетуі мүмкін, деп хабарлайды журналист Айжын Қожахмет өзінің Instagram парақшасында. 

33 жастағы орталық қорғаушы карьерасын отанында жалғастыруға ниетті. Биыл ол қарағандылық команда сапында 19 кездесу өткізіп, екі гол және бір нәтижелі пас берді. 

Еске салайық, "Шахтер" командасы өткен маусымда Қазақстан біріншілігінде төртінші орын алып, келесі жылы Қазақстан атынан еурокубок бәсекелерінде ойнауға мүмкіндік алды. 

Буйволов "Шахтерге" келерге дейін 2020 жылдың басында Ресейде "СКА-Хабаровск", "Тосно". "Балтика". "Волга" секілді командаларда ойнаған. "Тосно" сапында ол 2017/18 жылғы маусымда Ресей кубогінің жеңімпазы атанған. 

Орталық қорғаушы сондай-ақ үш рет Ресейдің екінші құрамында ойнаған. 


Метки:
Жаңалықтар