Ресейлік футболшы келісімшарт жазып қойғаннан кейін Қазақстанда ойнағысы келмей қалды

Сурет "Тамбов" клубының сайтынан алынды.
Өткен маусымды "Тамбов" клубында өткізген жартылай қорғаушы Павел Карасев қарағандылық "Шахтермен" келісімшарт жазып, кейін Қазақстанға ойнағысы келмей қалды. 

"Матч ТВ" арнасының ақпараты бойынша, 28 жастағы ресейлік футболшы енді "Шахтермен" келісімшартты бұзайын деп жатыр. Карасевтің өзі бұл мәселеге қатысты пікір беруден бас тартты. 

Жартылай қорғаушы өткен маусымда өнер көрсеткен "Тамбов" командасына қайта қосылғысы келеді екен. Ол Ресейдің өткен біріншілігінде 27 кездесуге қатысып, екі нәтижелі пас берген. Оған дейін футболшы "СКА-Хабаровск" және "Анжи" сапында ойнаған. 

Айта кетейік, "Тамбов" клубына бақылаудан өтуге қазақстандық қорғаушы Тимур Рудосельский барған еді. Бұл қорғаушы негізі "Қайратпен" келісімшарт жасауы керек еді. Бірақ бұл ойынан айнып, бағын шет елде сынауды дұрыс санапты. 



Метки: