Ресей құрамасының бұрынғы футболшысы Қазақстаннан жақсы ұсыныс алды

Денис Глушаков. Сурет: РИА Новости©
Ресейлік "Ахмат" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Денис Гулшаков карьерасын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін,- деп хабарлайды Sports.ru журналист Василий Коновқа сілтеме жасап. 

"Қазақстанда Денис Глушаков көп ақша таба алады. Негізгі ұсыныстар Қазақстаннан түсіп жатыр",- деп жазады тілші телеграмм каналында. 

Айта кетейік, Қазақстандық клубтан басқа Глушаковқа "Химки" командасы да ұсыныс жасаған. Мәскеулік команда бір жылға келісімшарт ұсыныпты. Сондай-ақ, ол "Спартак" клубына қайта оралуы мүмкін. Бұл команданың намысын жартылай қорғаушы 2013 және 2019 жылдар арасында қорғаған. 









Метки:
Жаңалықтар