Qazsport телеарнасы Қазақстан біріншілігінің барлық матчтарын көрсетеді

Сурет "Қайраттың" ресми сайтынан алынды.
Qazsport телеарнасы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасымен биылғы маусымдағы ел біріншілігіндегі барлық матчтарды көрсету туралы келісімге келді, деп хабарлайды Vesti.kz. Жуық арада бұл ақпаратқа байланысты арнаның директоры Нағи Бақытбеков пен ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев ресми ақпарат таратады. 

Маусым қайта жалғасқаннан кейін ел біріншілігіндегі барлық ойындар арнаның тікелей эфиріне және сайтында көрсетіледі. Ал Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы арнасында ойындардың үзіндісі де көрсетілмейтін шығар. Оның орнына ойынның үзінділері Qazsport арнасының yotube арнасына салынады. 

Одан бөлек, еліміздегі тұңғыш спорт арнасы Қазақстан біріншілігінің әр турына арналған бағдарламаны іске асыруды жоспарлап отыр. 

Еске салайық, 1 шілде күні "Қайрат" - "Жетісу", "Тобыл" - "Каспий", "Қайсар" - "Тараз", "Қызыл-Жар" - "Оқжетпес" және "Ордабасы" - "Шахтер". ойындары болады. Бұл турда "Астана" ойнамайды. Себебі, "Ертістің" ел біріншілігінен шығып қалуына байланысты командалар саны тақ болып қалды. 



Жаңалықтар