Постников, Маевский және басқалары. Алдағы уақытта "Астананың" бірнеше лидері командадан кетуі мүмкін

Евгений Постников. Сурет "Астана" сайтынан алынды.
Футболдан Қазақстан чемпионатының биылғы маусымы аяқталған кезде елордалық "Астана" командасының жеті футболшысының командамен келісімшарты аяқталады,- деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

Тарқатып айтсақ, маусым соңында Ненад Эрич (биылғы маусымда 13 ойын), Юрий Логвиненко (12 ойын), Дмитрий Шомко (13 ойын), Евгений Постников (11 ойын), Дидар Жалмұқан (10 ойын, 2 гол), Иван Маевский (12 ойын), Алексей Щеткин (11 ойын, 4 гол) секілді футболшылардың келісімшарты аяқталады. 

Бұл ойыншылардың кейбіріне жаңа келісімшарт ұсынылуы да мүмкін. Ал кейбіреулері командадан кетеді. 

Айта кетейік, ел біріншілігінің 19-турынан кейін "Астана" командасы турнир кестесінде үшінші орында келеді. 





Метки:
Жаңалықтар