"Ордабасының" бапкері ауыса ма? Клуб президенті жауап берді

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.
Шымкенттік "Ордабасы" командасының президенті Бахтияр Байсеитов клубтың бас бапкері Кахабер Цхададзенің кетуі мүмкін деген алыпқашпа әңгімеге нүкте қойды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Қазақстан біріншілігінің бірінші турында "Ордабасы" "Окжетпес" (1:0) ұжымын жеңіп, "Астанамен" (1:1) есебімен тең түсіп, кейін "Тараза" (2:3) және "Шахтер" (0:1) клубтарынан жеңіліп қалған болатын. 

"Ордабасының" бас бапкері қызметінен кететі деген алыпқашпа әңгімеге жауап бергім келеді. Кахабер Цхададзе ешқайда кетпейді. Маманға сенеміз. Біз басқа бапкерлермен келіссөз жүргізген жоқпыз. 

Өткен маусымда команда Кахабер Джумберовичтің бастамасымен қола жүлде жеңіп алды. Биылғы маусымда коронавирус пандемиясына байланысты біраз клубтан қиын жағдайға тап болды. Чемпионат тоқтап қалды. Жаттығуды толық жасап жатқан жоқ. Осының барлығы және басқа да факторлар команданың ойыны мен нәтижесіне септігін тигізеді. 

Ел біріншілігінің үш-ақ туры өтті. Сондықтан қандай да бір қорытынды шығаруға әлі ерте. Бізге тұрақтылық маңыздды. Тағы айтқым келеді, бапкерлер қосынында ешқандай өзгеріс енгізбейміз", - деді президент. 

Айта кетейік, 51 жастағы Цхададзе "Ордабасы" тізгінін 2018 жылдың маусым айында ұстады. Өткен маусымда бұл бапкермен бірге клуб ел біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп, Еуропа лигасына жолдама алды. Ал "Ордабасы" клубына дейін ол Қазақстанда "Қайратты" жаттықтырды. 









Метки:
Жаңалықтар