"Ордабасы" жартылай қорғаушы алуды жоспарлап отыр

Сурет "Ордабасы" сайтынан алынды.

Шымкенттік "Ордабасы" командасы алдағы уақытта орталық жартылай қорғаушы алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.

Әңгіме негізгі жартылай қорғаушының позициясы туралы болып отыр. Қазіргі уақытта осы позицияда ойнай алатын төрт ойыншы Абдуллай Диакате, Чиди Осучукву, Май Махлангу және Самат Шәмшінің барлығы жарақат алып қалған. 

Осыған байланысты "Ордабасы" командасының жаттықтырушылар штабы шабуылдаушы жартылай қорғаушыларын осы позицияға қоюға мәжбүр болды. Мұндай жағдайлардың әсерінен шымкенттік клуб өткен матчта "Қайраттан" оңбай жеңілді (0:3).

Метки:
Жаңалықтар