"Ол ЦСКА жұлдызына айналады". "Ростов" бапкері қазақстандық футболшы туралы

Сурет "Ростов" сайтынан алынды.
"Ростов" футбол клубының аға бапкері Виталий Кафанов Vesti.kz порталының тілшісіне отандасымыз Бахтиер Зайнутдиновтің ЦСКА сапына ауысуына байланысты пікір білдірді. Қазақстандық жартылай қорғаушы кеше мәскеулік командаға ауысып, келісімшарт жасады. 

"ЦСКА ұсыныс жасады. Сосын біз оны жібердік. Бахтиер негізгі құрамның ойыншысы болды. Сондықтан да біз жақсы ойыншыны жоғалттық. Соңғы бір жарым жылдың ішінде оның деңгейі өсті. Командаға келген Бахтиер мен қазіргі Бахтиердің деңгейі екі бөлек. ЦСКА сапында ол бой үйретуге уақыт керек. Ол әлі де өсетін жігіт. ЦСКА жұлдызына айналуы мүмкін. Жаңа командасында ол жақсы ойнап кетеді деп сенемін", - деді Кафанов. 

Айта кетейік, отандасымыз "Ростов" сапында 2019 жылдың басынан бері ойнап келеді. Биыл ол Ресей біріншілігінде 4 кездесуге қатысты. Ал өткен маусымда 17 ойында ойнап, төрт гол соғып, екі голдық пас берген.

Бұған дейін Зайнутдиновтің өзін "Ростов" жанкүйерлеріне хат жазып, команданың бас бапкері Валерий Карпинге алғысын айтты. ЦСКА тарихында Зайнутдинов үшінші қазақстандық футболшы атанды. 



Метки:
Жаңалықтар