Мұхамеджан Сейсеннің қателігі "Таразды" жеңістен айырды

Сурет "Тараз" сайтынан алынды.

"Қызыл-Жар" мен "Тараз" командалары Қазақстан чемпионатының 14 турында кездесіп, тең ойнады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Петропавловск қаласында өткен ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Қонақтардың сапында Ненад Адамович дубль (11 және 37-минутта) авторы атанса, алаң қожайындары сапынан Дарко Зорич (65-минут) және Әлібек Қасым (90-минут, пенальти) гол соқты. 

Айта кетейік, бұл ойын барысында "Тараз" командасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен екі гол соғылған кезде де оңбай қателесті. Бірінші гол кезінде ол қақпадан шығып кетсе, екінші гол соғылар кезде допты қолынан шығарып алды. Сөйтіп пенальти белгіленді. Ойын барысында "Тараздың"футболшысы Алмас Сапарғалиев қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 

Бұл ойыннан кейін жамбылдық команда 19 ұпаймен алтыншы орында қалса, петропавлдық команда 18 ұпаймен жетінші орында. 

12 маусым күні өтетін келесі турда "Қызыл-Жар" сырт алаңда "Шахтермен" кездесу өткізеді. Ал "Тараз" болса өз алаңғында "Қайраттың" қабылдайды. 

 

 

Метки:
Жаңалықтар